Жас психологтар мектебі 52 мектеп-гимназиясы

Желтоқсан айының 7-ші жұлдызында Астана қаласы Білім басқармасы «Психологиялық қызмет кабинетінің» жанындағы «Жас психологтар мектебі» курсының кезекті оқу семинары №52 мектеп-гимназиясында өткізілді. Семинарға «Психологиялық қызмет кабинетінің» әдіскері Ахметова Асият Бапановна бастаған бір топ жас психологтар қатысты.

52 мектеп-гимназиясы

Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы «Өзіндік даму психологиясының рөлі» тақырыбындағы теориялық бөлімінде мектеп психологі Беркимбаева Ұлзира Қалдыбекқызы 2015-2017 жылға дейінгі Өзіндік даму психологиясы бойынша  жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтті.

52 мектеп-гимназиясы1

Практикалық бөлімінде педагог-психолог Наурзбекова Ботакөз Ныгиманқызы 3 «В» сыныбымен «Кел, сөйлесейік!» тақырыбында үлгі сабақ көрсетті.

52 мектеп-гимназиясы2

Қорытынды бөлімінде мектебіміздің жас психологі Әлжанова Әйгерім Мұратбекқызы жас мамандармен психологиялық тренинг жүргізді.  Психологтар соңында  алған әсерлерімен бөлісіп,  өз ойларын ортаға салды. Семинар өте жақсы көңіл-күй сыйлағанын, сондай-ақ практика жүзінде құнды мағлұмат алғандарын айтты.

52 мектеп-гимназиясы3

52 мектеп-гимназиясы4

52 мектеп-гимназиясы5

52 мектеп-гимназиясы6

Мектеп психологтары:
Ұ.Қ.Беркимбаева
Б.Н.Наурзбекова
Ә.М.Әлжанова

Последние новости

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *