Ата-аналарға ақпарат

Психологтың бірнеше кеңесі:

  • Баланың кейбір жекелеген әрекеттеріне риза еместігіңізді білдіруге болады, бірақ тұтастай балаға емес;
  • Баланың әрекет-қылықтарын мінеуге болады, бірақ оның сезімдерін емес, олар қандай бір қалауыңыздан тыс немесе «келеңсіз» болса да: олар туындады ма, яғни, оған негіз болды деген сөз.
  • Баланың әрекеттеріне риза болмаушылық жүйелі түрде қайталанбауы керек, әйтпегенде ол оның жеккөрушілігін тудырады;
  • Балаңызды күніне 4 реттен кем емес құшақтаңыз. Бұл қажеттілік қанағаттандырылады, егер сіз балаңызға оның сізге қымбат екенін, керек екенін, маңызды екенін, тіпті, қарапайым ғана, жақсы екенін айтып отырсаңыз. Ондай жеткізулер сөзсіз де болуы мүмкін – олар күлімсіреп қарау, мейіріммен құшақтау, тура айтылған: «Сенің менде бар болғаның қандай жақсы!», «Сен маған ұнайсың!», «Сенің үйде болғаның маған ұнайды» т.с.с. Психологтар баланы күніне 4 реттен кем емес құшақтауға ұсыныс береді. Бұл балаға жай ғана өмір сүруге қолдау болады, ал оған өзін жақсы сезіну үшін күніне 8-ден кем емес құшақтау керек-ақ. Бұл тіпті, тек қана балаға емес, ересектерге де керек.
  • Балаға ешқандай шарт қоймай-ақ оның өзіңізге керектігін білдірулер өсіп келе жатқан ағзаға қоректену қалай керек болса, сол сияқты қажет. Олар оның психологиялық дамуына көмектесе отырып, эмоционалдық тұрғыда қоректендіреді. Егер олар ондай білдірулерді алмаса, эмоционалдық мәселелер пайда болады, мінез-құлқы ауытқуы болады, тіпті жүйке, психикалық ауруларға шалдығуы мүмкін.

Бала өмірден үйренетінін ұмытпаңыздар. Егер:

— баланы үнемі сынаса, ол жек көре бастайды.

— дұшпандықта өмір сүрсе, ол агрессивті болады

— балаға күле берсе, ол тұйық болады.

— балаға тыйым сала берсе, өзін күнәлі сезіп өмір сүреді.

— сабырлы болы өскен бала, басқаларды түсінуге үйренеді.

— баланы мақтаса, қайырымды болып өседі.

— қауіпсіздік жағдайда өскен бала, адамдарға сеніп өседі.

— баланы қолдаса, өзін бағалауға үйренеді.

— түсіністік пен мейірімділікте өскен бала, осы өмірде махаббатты таба білуге үйренеді.

Бала бойында жайдарлықты тәрбиелеудің, сонымен бірге өзімізге де өмірде қуанышты көбірек сезінуге бірнеше қарапайым тәсілдер бар.

  • Баланың өмірге деген көзқарасы тек сізге байланысты. Оған өз күшіне сенуге көмектесіңіз – сонда ғана ол ержеткенде қандай да болмасын қиындықтарға шамасы жетеді. Дұрыс тәрбиеленген позитивті балалар, өмірде жамандықты көрмейді, тек жақсыға жақын болады.
  • Психологтар өмірге деген оптимисті көзқарастағы балалар жақсы оқитынын, тез ойланып және өз құрдастарымен жеңіл тіл табысатынын сендіреді. Позитивті балалар тез сауығып және өз күйзелісін жеңеді. Және сондай-ақ, олардан отбасына тамаша қамқор болатындар өсіп шығады!
  • Көп балалар табиғатынан жайдарлы, бірақ қорқатындары да бар. Бақытымызға қарай, оптимизм – ешқашан үйренуге кеш болмайтын сапа! Балалардың позитивті, жайдарлы болып өсуі үшін олардың тәрбиесімен туғанға дейін айналысу қажет. Ана құрсағындағы бірінші айлардан бастап кішкентай анасының көңіл-күйін сезеді, оған қалай қарау керек екенін біледі. Яғни ол осы сәтте күткен немесе күтпеген бала екенін біледі. Күтпеген балалардың оптимист болып өсулері сирек.

Ата-аналарға ұсыныс

  1. Мерекені күту. Сізді үнемі қандай да бір уақиғалар күтетіндей, өз уақытыңызды жоспарлаңыз: отбасылық мерекелер, кішігірім саяхат, қызықты салт жоралары. Кезекті уақиғаға алдын-ала дайындалыңыз, барлық егжей-текжейіне дейін балаңызбен бірге ойластырыңыз, қажет болса  кейбір сәттерін дайындық жасаңыз, костюмдерді дайындаңыз, ішкі көрінісін безендіріңіз, ойындар. Мерекені күтудің өзі мерекенің өзінен қуанышты сезіндіреді, уақиға көпке созылмайды ғой, ал оның дәмін ұзаққа созуға болады.
  2. Зерігумен күресу. Сіз баламен бірге кезекте ұзақ шаршайтын, автобус күтетін немесе қаланың басқа шетіне  баратын сәттер болады. Әрине зеріккеннен сіздің балаңыз тынышсыздана, айғайлай, бастайды.  Осындай сәтте баланың қалай  да көңілін табу қажет, бірге сізде қиындықсыз, уақытты қысқартасыз. Баланы жас ерекшелігіне сәйкес тыныш ойынмен ойнатыңыз. Бұлар саусақ ойындары болуы мүмкін, балаға жануарлар мен құстардың немесе жемістер мен көкөністердің атын кезекпен айтуды, атобус терезесінен сыртта не болып жатқанын байқауды  ұсыныңыз – кім көбірек қызыл түсті машинаны немесе балалар коляскасын көреді және т.б. бір жерге барар кезде өзіңізбен кез келген балаңыздың сүйікті кітабын алыңыз, сонымен қоса сурет салатын блокнот пен қалам. Сабақ, мектеп туралы сұраңыз.
  3. Жаңа күнжаңа жаңалықтар Жайдарлылық пен сіздің оқушыңызға тұрақты жаңалықты білуді тәрбиелеуге, жаңа дағды мен икемділікті меңгеруге тәрбиелейді. Мысалы, бүгін сіз кинодан «қызықты әлем» сериясынан қандай да бір уақиғаны айтасыз, ал ертең бірлесе ерекше формадағы бәліш жасайсыз
  4. Ауа райы жақсы сәттер мен күлкіге бізге бөгет емес. Далада жабырқататын жаңбыр мен боран болса да, бұл қайғыратын жайт емес. Таза ауада қыдыратын мүмкіндік жоқ па — яғни цирке, қуыршақ театрына, көрмеге барамыз немесе үй ішінде қызықты ойындарды ұйымдастырамыз.
  5. Өмірдің барлық бояулары (сәттері). Өмірге позитивті көзқарасты тәрбиелеуге әртүрлі ашық боялар көмектеседі. Психологтар әртүрлі түстің біздің көңілімізге әртүрлі әсер ететінін ертеден байқаған. Баланы әртүрлі түстер қоршасын, әсіресе қызғылт сары мен сары түстер, көңіл күйді жақсартуға септігін тигізеді (бұл жататын бөлмесіне қатысты емес, онда жұмсақ түстер болуы керек). Өмірден түңілген адамдар өмір қара мен оқ жолақтардан тұрады деп айтады. Мүмкін оны кемпірқосаққа ұқсайтындай жасасақ қалай болады?
  6. Ең жақсыны еске түсіреміз. Кейде баланың көңіл күйін аулау өте қиынға соғады. Жағымды сәттерді еске түсіретін кештерді ұйымдастырыңыз. Бақытты уақиғалардың суреттерін, мерекелердің бейне жазбаларын көріңіздер, көңілді сәттерді еске түсіретін киімдерді табыңыз, сіздің үйіңізге қуанышты сезіну қайта оралады.
  7. Ережеге қарамастан. Кейде күнделікті тәртіпті бұзып, бой сергітуге болады. Мысалы, аулада қыдырудан, аттракциондар саябағына бару, жағалауда қыдыру немесе сырғанақ тебуге бару. Мұндай күтпеген мереке сіздің үшінші сынып оқушыңыздың есінде қуанышты күндерінің бірі болып қалады.
  8. Басқаларға қуаныш сыйлау. Балаңызға шамасына байланысты жақсы істер жасауға қатыстыруға тырысыңыз. Мысалы, қамқорлық концертіне қатысыңыздар, құстарға ұя  жасап, оның толықтыруын бақылаңыз, балаңызбен бірге қызықты ойыншық таңдаңыз және оны балалар үйіне апарып беріңіз, көршілес тұратын жалғыз басты қарияға барыңыз және т.б.  Мұндай әрекеттер адамды жақсартып қана қоймайды, сонымен қоса өмірге позитивті қарым қатынасты тәрбиелейді. Сырт адамнан алғыс сөздерді естіген қандай жағымды! Оған қоса бала өз тәрбиесінде дүниеде қиын сәттерде қол ұшын беретін, жақсы адамдардың көп екеніне көзі жетеді.
  9. Әуесқойлықты (қызығушылықты) іздейміз.  Балаңызбен бірге қызықты қызығатын істі ойластырыңыз. Мүмкін ол әдемі кәмпит сырттарын жинағысы келер, немесе қауын өсірер, немесе ермек саздан сері қамалын жасар. Оның талпынысын қолдаңыз, баланың таңдаған ермегі оған қуаныш сыйласын.
  10. Тәні саудың –жаны сау. Баламен бірге шынығыңыз және дене шынықтырумен айналысыңыз. Таңертеңгі жаттығу, салқын орамалмен ысқылау, таза ауада сергіту ойындарымен батыл айналысу, велосипед, ролик немесе шаңғы тебу, жаяу жүру, өзенге немесе теңізге суға түсу қажетті сергектік қуаты мен оптимизмді береді.

Әрине, бұл ұсыныстарды балаңыздың ерекшеліктерін, икемділігін,  темпераментін, жеке қасиетін есепке ала отырып қолдану қажет.Сіздің өмірге талпынысыңыз бен позитивті қарым-қатынасыңыз жайдарлы (жайнақы) адамды тәрбиелеуге көмектеседі.

«Балаңыздың мектепке зор ықыласпен барғанын қалайсыз ба?»

  1. Мектеп туралы жаман айтпаңыз, балалар барда мұғалімді сынға алмаңыз.
  2. Жеке дара қатынас жоқтығынан мұғалімді кінәлауға асықпаңыз, өз тәртібіңіз туралы ойланыңыз.
  3. Балаңыздың сабақ уақытындағы жұмысын неше рет қадағалағаныңызды еске түсіріңіз.  Бала жұмысты дұрыс жасамаған жағдайда, оған дұрыс жасау жолын көрсеткен сәтіңіз болды ма?
  4. Мектепте жанжал болған жағдайда, баланы оған қатыстырмай егжей-тегжейін сұрастырмай шешуге тырысыңыз.
  5. Балаңыздың уақытында ұйқыға жатуын қадағалаңыз. Сабақта отырып ұйқысы қанбаған бала – аянышты көрініс.
  6. Бала өзінің мектептен әкелген тапсырмалары, кітаптары жайлы сіздің қызығушылық танытатыңызды көрсін.
  7. Өзіңіз кітап оқыңыз, бала сіздің бос уақытыңыз теледидар көрумен өткізбейтіңізді көрсін.
  8. Балаңызды өз ойын жазбаша, суреттермен, графикалармен, толық жеткізуге үйретіңіз, өзіңіз де бірге сурет салып жазыңыз. Егер бала өзін қызықтырып, таңқалдырған жағдай жайлы айтатын болса, сіз оған ол туралы жазғызыңыз немесе сурет ретінде салып көрсетуін сұраңыз. Ал кешке барлық отбасы мүшелеріне ол туралы айтуыңызға болады.
  9. Баланың сыныбы немесе тобының өмірлік жолына қатысыңыз. Мектеп- сіздің де өміріңізде орын алса, балаңыздың көңілінен шығасыз.
  10. Бала өмірінде әртүрлі жағдайларға түсуі мүмкін. Сіз оған оның өзіне деген сенімділікті жоғалтпауына көмек беріңіз

Ата-анаға жадынама

  1. Баланың іс-әрекеті мен қылықтарын бағалауда бірізді және шынайы болыңыз.
  2. Жазалау түрін таңдауда жауапкершілік туралы ұмытпаңыз.
  3. Жағдаятты анықтап алмай, басқа біреудің айтуымен өз балаңызды жазалауға асықпаңыз.
  4. Жазалау туралы атүсті шешім қабылдамаңыз (бала үшін жазалау әрекетті болуы керек).
  5. Баланы тұлға ретінде құрметтеңіз, абыройын таптамаңыз, беделін түсірмеңіз.
  6. Балаңызға оның жасында өзіңіз жасаған қылықтарыңыз туралы айтудан қорықпаңыз. Бұл сізді балаңызбен жақындата түседі, балаңызға өзін түсіне білуге көмектеседі.
  7. Сіз үшін қаншалықты ащы болса да балаңыздан тек шындықты айтуды талап етіңіз.
  8. Егер оның теріс қылық жасамағынына сенімді болсаңыз, қайтсе де өз балаңызды қорғай біліңіз.
  9. Баланы жазалай отырып, отбасы мүшелері арасында бірыңғай жазалауды қолданыңыздар, жолдасыңыздан (жұбайыңыздан) балаңыздың қылықтарын жасырмаңыз.
  10. Жазалауды орындауда шыдамды болыңыз, әйтпесе балаңыз сіздің әрекеттерңізді басқаратын болады.
  11. Ұлыңыздың немесе қызыңыздың қате қылықтары үшін басқа адамдарды кінәлаудан аулақ болыңыз.
  12. Баланы жазалағанда оның өткен қате қылықтары туралы айтып еске түсіре бермеңіз. Әйтпегенде ол өзін толыққанды сезінбейді.
  13. Баланы асыра мақтамаңыз, жағынбаңыз. Есіңізге сақтаңыз: мақтау шынайы болуы керек!
  14. Кешіре біліңіз! Баланы сол қалпында қабылдаңыз. Ұлыңызды немесе қызыңызды ештеңеге қарамай, шын жақсы көріңіз!

Сәтсіздік және қобалжу кездерінде баланы қолдаудағы байланыс түрлері

Көзбен байланыс. Көзбен байланыс  басқа адамның көзіне тіке қараумен ұғындырылады. Адамдардың көбісі, бұның қаншалықты шешуші фактор екенін біле қоймайды. Сіз  қашан болсын сіздің бетіңізге тіке қарамайтын,   жүзіңізден айналшықтайтын адаммен сөйлесе алдыңыз ба?   Елестетіп көріңізші, бұл өте қиын, бірден   сіздің қарым-қатынасыңызға әсер етеді. Бізге керісінше өз әңгімелесушіне  көңілі ашық, жүзі мейірімді, шынайы күлкісімен жылы шырайлы адамдар көбірек ұнайды. Көзбен байланыс (біз оны сезінеміз бе, жоқ па) балаларға деген өз сүйіспеншілігімізді жеткізудегі ең негізгі құрал болып табылады. Ата-анасы неғұрлым жиі өз баласына сүйіспеншілікпен қараса, бала бойына соғұрлым сүйіспеншілік сіңіседі екен.

Физикалық байланыс. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, ата-аналардың көбі  өз балаларына қажеттіліктерге байланысты   (киінуге көмектескенде, жолдан өткізгенде және т.б.) қол тигізетіні   анықталды. Физикалық байланыс үшін құшағыңды айқара ашып,  баланы сүю міндетті емес, қолына қолыңды тигізу, басынан сипау, шашын ұйпалау және т.б жеткілікті.  Ең бастысы біздің барлық нәзік жақындасуымыз  әдеттен тыс және көзбояушылық емес, табиғи және шынайы  болғаны дұрыс.

Өзін реттеу. Бала сіздің жағымсыз эмоцияларыңызды «жұқтыруы» мүмкін екендігін айтқан болатынбыз, сондықтан өз эмоционалды жағдайыңызды  басқара  білуіңіз және балаңызды да үйрете білуіңіз керек. Өз эмоционалды жағдайыңызға және бала денсаулығына  арнайы психологтар және физиологтармен әзірленген жаттығулар көмегімен әсер ете аласыз. Адам бір эмоцияны сезінген уақытта, оны мимикасына байланысты анықтауға болады. Бет әлпетінен басқа, дене бұлшықет қозғалысы да өзгереді. Бірақ бұл қатты байқалмайды. Бірақ байқағыш адам адамның қандай көңіл күйде екенін  оның жүріс-тұрысынан, сымбатынан және басқа да сыртқы келбетіне қарап анықтайды. Бұлшықет қозғалысын реттеуді білу, босаңсуды үйрену – өз эмоциямызға ие болу мүмкіншілігін аламыз. Релаксация – тек бұлшықеттердің  ғана емес, сонымен бірге нерв жүйесін  қайта қалпына келтірудің әмбебап үдерісі. Алдарыңыздағы парақтарда жазылғандай дем алудың жай ғана техникасына назар аударыңыздар. (4б қосымша). Кәнекей жаттығайық және демалайық.

Жеті пайдалы кеңес:

  • Балаңыздан қандай тәртіпті талап ететіндеріңізді өзара келісіп алыңыздар
  • Балаларыңызға қойған талапты анда-санда қайта қарастырып отырыңыздар
  • Балаңыздың тәртібіне қойған талаптарыңыз туралы оның пікірін сұраңыз. Көбінесе сіздің талаптарыңыз бен оның көзқарасы сәйкес болып шығады.
  • Бала отбасындағы ережелерді бұзатын болған жағдайда қолданатын жазалау түрі туралы алдын-ала келісіп алыңыз
  • Баланың қылық тәртібін оқу әрекетін жақсартатын әдіс ретінде қарастырыңыз. Егер сізде тәрбиелеу туралы күмән туындап қалған жағдайда тәрбие мәселелері туралы әдебиеттерге жүгініңіз
  • Балаңызға тәртіптік талаптарды қоя отырып ашу-ыза мен қатыгездікке беріліп кетпеңіз.
  • Егер де балаңыз келіскен ереже талаптарын бұза берген жағдайда оны жазалауды дереу тоқтатып, бұл қылықтарының себебін анықтап алуға тырысыңыз. Бұның себептері баланың эмоциясының және психикасының аймағында жатуы мүмкін, тіпті кейбір ауру салдарынан да болуы әбден мүмкін.

Ата-анаға көмек қағида.

Әйгілі педагог-психолог Симон Соловейчик өзінің кітаптарының бірінде ата-аналарға бейімделу кезеңінде балаға өз сыныптастарының арасындағы дербес өмірге дайындауға көмектесуі мүмкін қағидалар жариялады. Ата аналарға осы қағидаларды балаға түсіндіріп және олардың көмегімен баланы ересек өмірге дайындау қажет:

  • Өзгенікін алма және өзіңдікін де берме;
  • Сұрады ма — бер, күшпен тартып алғысы келсе, қорғануға тырыс;
  • Себепсіз төбелеспе;
  • Ойнауға шақырса, бар, шақырмаса, бірге ойнауға рұқсат сұра, бұның ұяттығы жоқ;
  • Әділ ойна, жолдастарыңа адал бол;
  • Ешкімді мазақтама, сұрамшақ болма, ештеңені сұрамай алма. Екі рет ешкімнен ештеңе сұрама;
  • Ықыластылық таныту, барлық жерлерде ықыласты, мұқият бол;
  • Баға үшін жылама, намысқой бол. Баға үшін мұғаліммен дауласпа және ренжіме. Барлығын уақытында жасауға тырыс және жақсы нәтижелер туралы ойла, олар сенде міндетті түрде болады;
  • Ешкімді өсектеме және ешкімге жала жаппа;
  • Ұқыпты болуға тырыс;
  • Мына сөздерді жиі айт: достасайық, ойнайық, үйге бірге барайық;
  • Есіңде болсын! Сен ешкімнен артық емессің, сен ешкімнен кем де емессің! Сен – өзің үшін, ата-анаң үшін, ұстаздарың мен достарың үшін қайталанбас жансың!

ата-аналарына арналған жадынама

  1. Өз балаңызбен ең бүкпелі тақырыптардың өзінде ашық және бүкпесіз сөйлесуге тырысыңыз.
  2. Балаңыздың ақпараттарды басқалардың аузынан естуінен сақ болыңыз.
  3. Қазіргі балаңыздың жасында өзіңіздің басыңыздан өткен толғаныстарыңызды балаңызға айтып беріңіз.
  4. Балаңызбен қарым-қатынаста ашық болыңыз, тіпті сіз бірдеңені білмей тұрсаңыз да немесе бірдеңеге күмәндансаңыз да, ол туралы айтуға қысылмаңыз.
  5. Өзіңіздің есею шағыңыздағы басыңыздан өткен толғаныстарыңыз туралы теріс әңгімелеп айтпаңыз. Бала оны дәл сіз сияқты теріс қабылдап, уайымдауы мүмкін.
  6. Балаларыңыз жыныстық қатынастарды қандай да бір лас және ұятты әрекет сияқты қабылдамауын қадағалаңыз. Көп жерде олардың физиологиялық есеюі осыған да тәуелді.
  7. Жыныстық жетілу кезеңінде ұл балалар анасы жағынан, ал қыз балалар әкесі жағынан қолдау тапқаны маңызды.
  8. Балаларыңызға мейірім төге біліңіз, оларға өз махаббатыңызды көрсете біліңіз.
  9. Ерекше сақ және байқағыш болыңыз, балаңыздың мінез-құлығынан байқалған кез келген өзгеріске көңіл аударыңыз.
  10. Егер оны қажет етсе балаңызды бар мүмкіндігіңізше қорғауға тырысыңыз.

Есіңізде болсын, біздің балаларымыздың болашағы бүгіннен басталады.

  1. Бірінші кезекте, өз өміріңізде оң пікірлер ұстаныңыз, ойша өзіңізді жақсы ниеттей біліңіз, жетістікті мойындаңыз, теріс пиғылдарды бойыңыздан аулақтатыңыз.
  2. Балаңыздың ойы мен әрекет-қылығына әсер ету үшін сәйкес сөздерді таңдай біліңіз. Қандай қылықты қою керек дегеннің орнына не істеу керектігін айтыңыз.
  3. Балаңызды қысқа және қарапайым оң талаптар құра білуге және оны қолдана білуге үйретіңіз.
  4. Баланың белсенді қиялын қалаған нәтижеге жету үшін ниеттей білуге қолданыңыз.
  5. Баланың жетістігін, табысын мойындай біліңіз.
  6. Балаңызға теріс ойларды оң ойлармен алмастыруға көмектесіңіз.

Последние новости

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *