Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек «Өз балаңа үлгі бол» атты ата-аналар конференциясы

Қыркүйек айының 20-жұлдызында бірінші сынып ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясы болып өтті. Мектеп директоры Байтасова Ұлбосын Бекмурзаевна іс-шараның мақсаты мен маңыздылығын таныстыра отырып, бастауыш білім беру – бұл ересектер әлеміне қарай саналы өмірдің басталуы және баланың қандай болып өсетіні бастауыш білімнің жемістілігіне байланысты екендігін атап көрсетті.

Әрі қарай педагог-психолог Наурзбекова Ботакоз Ныгимановна конференцияның басты тақырыбы бойынша мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндердің мектепке бейімделуі жайлы ақпараттар берді. Сонымен қатар «Әке, мені вальске шақыр», «Ана туралы аңыз», «Ата-ана айқайы» видеороликтері көрсетіліп, ата-аналарға жаднамалар таратылды.

Станьте примером для своего ребенка1Станьте примером для своего ребенка2

Станьте примером для своего ребенка3

Последние новости

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *