«Жас психолог мектебі» оқыту курсының аяқталуы туралы ақпарат

18.05.2017ж. Астана қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» КММ психологиялық қызмет кабинеті базасында «Жас психолог мектебі» оқыту курсының қорытындылау семинары өткізілді. Барлық қатысушы жас психологтардың саны – 24 адам. Психологиялық қызмет кабинетінің меңгерушісі А.А.Садвакасова, әдіскерлер А.Б.Ахметова, М.А.Смецкой, Т.С.Сатымбекова семинарға қатысушы жас мамандар алдында сөз сөйлеп, тәлімгерлік ақыл-кеңестерін берді.

Аталған курстың мақсаты: жас маман психологтарға кәсіби сапаларын қалыптастыруда әдістемелік көмек ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында педагогикалық үдеріске қатысушыларды психологиялық сүйемелдеу бойынша психологиялық сауаттылықтарын арттыру.

Оқыту курсы үстіміздегі оқу жылының қыркүйек айынан бастап өз жұмысын жалғастырды. Әр аптаның бейсенбі күндері өткізіліп, 72 сағат оқу көлемін құрады.

Психологиялық қызмет кабинетінің әдіскерлері тәжірибелі психологтарды, үкіметтік емес ұйымдардың мамандарын шақыра отырып, семинарға қатысушыларды жаңа форматтағы теориялық және практикалық материалдармен бөлісті: тренингтер, коучингтер, шебер сыныптар, дөңгелек үстелдер, таныстырылымдар және т.б.

Семинар соңында қатысушылар ақпараттармен алмасып, келесі оқу жылына талап-тілектері мен ұсыныстарын қалдырды. Жас психологтарға оқыту курсын табысты аяқтағаны туралы сертификаттар берілді.

Последние новости

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *