Астана қаласының психологтары арасында өткен «Психологиялық тәжірибе мен инновациялық идеялар» фестивалі туралы ақпарат  

28.04.2017ж. №10 МГ базасында ЭКСПО-2017 аясында Астана қаласының жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы психологтардың «Психологиялық тәжірибе мен инновациялық идеялар» фестивалі өтті. Барлығы фестивальге қатысуға 37 сұраныс түсті, оның ішінде 15 балабақша және 22 мектеп психологтары.

Фестивальдің мақсаты – шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау және қолдау, Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы психологтардың инновациялық іс-тәжірибесін тарату.

Фестивальдің қазылар алқасы құрамында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ п.ғ.к, «Астана дарыны» ғылыми-практикалық орталығы және психологиялық қызмет кабинетінің әдіскерлері болды. Фестивальдің құрметті қонағы ретінде  Білім басқармасының бөлім басшысы Г.Б.Сарамбетова, Білім қызметкерлерінің «Әділет» қалалық кәсіподағының төрайымы Б.М.Наурызбаева және «Астана қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» ҚММ директорының орынбасары Н.К.Әзімбай қатысты.

Фестиваль жеңімпаздары Білім басқармасының I, II, III дәрежелі арнайы дипломдарымен, номинациялар бойынша грамоталарымен және сертификаттармен марапатталды, сондай-ақ Білім қызметкерлерінің «Әділет» қалалық кәсіподағының атынан бағалы сыйлықтар табысталды:

1-дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықты №83 МГ психологы Абылкасымова Назым Уйсембековна және №8 б/б психологы Тлеубаева Динара Жуманазаровна иеленді;  

2-дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықты №54 МЛ психологы Стамкулова Құралай Шаймерденовна және №72 «Жанарым» б/б психологы Касымова Майраш Еслямгалиевна иеленді;

3-дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықты №70 МЛ психологы  Тикей Мерейгуль және №58 «Өркен» б/б психологы  Исина Алтынай Кайроллаевна иеленді;

Номинациялар бойынша мадақтамалармен марапатталғандар:

«Креативті психолог» — Фролова Юлия Викторовна, №31 мектеп-гимназия, Амерханова Алма Шахановна, ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» б/б;

«Психолог – зерттеуші» — Каниева Асель Талгатовна, №49 орта мектеп, Кожанова Гульмира Кабиденовна, №76 ясли сад;

«Менеджер психолог» — Мырзахметова Актоты Жумабековна, №30 мектеп-гимназия, Курманова Айжан Жанатовна, №91 «Еңлік» б/б

№10 МГ өнерлі оқушылары Фестивальге қатысушыларды тамаша билерімен және әсем әндерімен сүйсіндірді.

Последние новости

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *