Психологтармен өткізілген оқыту семинары туралы ақпарат

2017 жылдың 13 наурыз күні №65 МГ базасында Психологиялық қызмет кабинеті Денсаулық сақтау мамандарымен бірлесіп ЮНИСЕФ бағдарламасын кезең-кезеңмен енгізу туралы психологтарға арналған оқыту семинарын өткізді. Барлығы семинарға 105 адам қатысты.

Семинарды психологиялық қызмет кабинетінің меңгерушісі А.А.Садвакасова ашып, аталған бағдарламаның астаналық мектептер мен колледждерде енгізілу барысы жайында айтып өтті. Қазіргі кезде екі кезеңі өткізілді: ата-аналарға және білім беру мекемесі ұжымына алдын ала дәрістер оқылды. 3 сәуірден бастап оқушылардың суицидке ықтималдығын анықтау және жасөспірімдердің психикалық денсаулық туралы мағлұматтылығын арттыру бойынша дәрістер оқу мақсатында үшінші кезеңді бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ осы бағдарламаны жүзеге асыруда психологтың құзыреттілігі маңызды рөл атқаратыны туралы ескертіп айтып өтті.

Семинарды ПДММО дәрігер-психиатры, суицидолог Е.К.Миронова жалғастырды. Өз сөзінде маман дәрігер тыңдаушыларды бірлесіп әрекет ету: білім беру ұйымы психологы – алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы практикалық дәрігері – ПДММО  психиатры блок-сызбынұсқасымен таныстырды. Осы ведомствоаралық бірлесіп әрекет ету сызбанұсқасы (блок-схема) бойынша суицидке ықтималдығы жоғары оқушылар тиісті денсаулық сақтау мамандарына жіберіледі және оларға психотерапиялық көмек көрсетіледі.

Семинардың соңында қатысушыларға суицидке бейім балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу алгоритмі мен жаднамасы таратылды.

 

Последние новости

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *