«Психикалық денсаулық бүгін: сұрақтар мен жауаптар»

Наурыз айында Астана қаласы Білім басқармасының «12-жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы» МКҚК Психологиялық қызмет кабинеті Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарымен бірлесіп «Қазіргі жастар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбында білім беру ұйымдарының жас психологтарына арналған семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренинг барысында психологтар жеткіншектер  және жастармен психикалық денсаулық, салауатты өмір салты бойынша жұмыстарды сауатты ұйымдастыру мен өткізу жолдарын үйреніп, ата-аналармен жұмыс (бала-ата-ана қарым-қатынасы бұзылыстарының алдын алу), жеткіншек жастағы жасөспірімдердің психикалық жаңа түзілімдері ерекшеліктерімен танысты. Жасөспірімдердің эмоционалды тұрақтылығы, олардың өз-өзіне деген сенімділігі, жақындарының түсіністіктері мен қолдауын сезіну және өмір құндылықтары мен денсаулықты бағалай білу жайында пікір алмасулар болды. Семинар соңында жас психологтар өздерін толғандырған біршама сұрақтарға жауап алды.

Последние новости

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *