Талпынған жетер мұратқа

2017 жылдың 23-ақпан күні Психологиялық қызмет кабинетінде  кезекті «Жас психолог мектебі» оқыту семинары ұйымдастырылып өткізілді.

Оқыту семинарына жас маман психологтарды шығармашылық жұмысының нәтижесімен таныстыру және тәжірибе алмасу мақсатында №49 орта мектеп педагог-психологы Дүйсебаева Жанар Құдабайқызы және №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагог-психологы Құсайынова Айгүл Меңдібайқызы шақырылды. Жанар Құдабайқызы «Сынаққа дайындық барысында оқушыларды психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында  мектеп оқушыларының емтиханға дайындалуына байланысты күйзелу мен қатаюдан, денедегі қысымнан арылуға көмектесу, өмірге деген бейімділігін арттыру, мақсатқа жетуге деген ұмтылысын ынталандыру жұмыстарымен таныстырды. «Жемісті нәтижеге ұмтылу» атты психологиялық тренинг өткізді. Педагог-психолог тренинг барысында оқушының өзіндік бағасын арттыруға, сенімділігін көтеруге, сынаққа байланысты туындаған қорқыныштан арылуға, т.б. байланысты психологиялық жаттығулардың жүргізілу ерекшеліктерімен бөлісіп, қатысушыларға жетістікке жетуге деген ұмтылыстарын арттырып, көтеріңкі көңіл сыйлады.

 Түзету кабинетінің психологы Айгүл Мендібайқызы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арт-терапия техникаларын қолдану» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық үрдістері мен шығармашылығын дамытуда арт-терапия техникаларын қолдану ерекшеліктері туралы таныстырылымын ұсынып, өз тәжірибесімен бөлісті, кәсіби кеңестер берді. Педагог-психолог көру қабілетінде ақауы бар балалардың қоршаған ортаны қабылдауы мен психологиялық ерекшеліктерін жас мамандарға сезіндіріп, арт-терапия элементтерін қолданудың түрлі әдістерін тәжірибе жүзінде орындата отырып, ерекше балалардың әлеміне жетелеп, қатысушылардың сезімдерін оятты.

10

Последние новости

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *